Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танымал қазақстандық жазушы Несіпбек Дәутайұлы өмірден өтті

Опубликовано:

Несіпбек Дәутайұлы
Несіпбек Дәутайұлы. Фото: libr.e-taraz.kz

Қазақстандық танымал жазушы Несіпбек Дәутайұлы қайтыс болды. Ол 75 жасына қараған шағында өмірден озды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жазушының өлімі жайлы әлеуметтік желілерден белгілі болды. Марқұмның табынушылары, оқушылары, әріптестері мен журналистер оның отбасы мен туыстарына көңіл айтуда.

Қазақстанның ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева да қайғылы хабарға байланысты Facebook парақшасында арнайы жазба жариялады.

"Белгілі қаламгер, «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Несіпбек Дәутайұлының өмірден озуына байланысты, марқұмның жақын-туғандарының қайғыларына ортақтасып көңіл айтамын. Несіпбек Дәутайұлы бүкіл саналы ғұмырын ұлттық әдебиетімізді дамытып, руханиятын ұлықтау жолына арнаған қарымды қаламгер, дегдар жазушы тұлға еді.
Мазмұны терең, көркемдігі кемел шығармаларымен қатары қалың оқырман қауымның үлкен ілтипатына бөленіп, артына өшпейтін рухани мұра қалдыра білді. Ардақты ағамыздың жарқын жүзі мен ұлттық руханияттағы тұлғасы халықтың жадында мәңгi сақталады деп сенемін.Марқұмның жатқан жері жарық, топырағы торқа болып, нұры пейіште шалқысын.

Айта кетейік, Несіпбек Дәутайұлы 1947 жылы 30 желтоқсанда Жамбыл облысы, Қордай ауданы Киров атындағы колхозда (қазіргі Кенен ауылы) дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.

1972-1980 жылдары аудандық «Қордай» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы қызметтерін атқарды. Жамбыл облыстық газетінде меншікті тілші болған. Қазір «Жамбыл» әдеби-көпшілік журналының бас редакторы. Халықаралық Еуразия жазушылары қауымдастығының құрметті мүшесі, Қазақстан жазушылар одағы Жамбыл облыстық филиалының директоры болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1929475-tanymal-qazaqstandyq-zazusy-nesipbek-dautaiuly-omirden-otti/

pixel