Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мәулен Әшімбаев: Конституция – тәуелсіздік пен мемлекеттіліктің басты кепілі

Опубликовано:

Мәулен Әшімбаев
Фото: gov.kz

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев қазақстандықтарды Конституциясы күнімен құттықтады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мәулен Әшімбаев Конституция күніне орай, Facebook парақшасында арнайы жазба жариялаған.

"Құрметті достар! Баршаңызды Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтаймын! Конституция – тәуелсіздік пен мемлекеттіліктің, өсу мен өркендеудің басты кепілі. Ата заңымыз құқықтық, зайырлы, әлеуметтік және біртұтас мемлекет болып қалыптасуымыздың негізін қалап берді.
Бізді бүгінгі жетістіктерге жетелеген барлық бастама, ең алдымен, еліміздің басты құжатына табан тірейді. Алдағы уақытта да мемлекет басшысының елімізді жаңғырту бағдарын іске асыруда Конституцияның маңызы зор. Сондықтан ата заңымызды ардақтау – әр қазақстандықтың азаматтық парызы. Мерекемен құттықтай отырып, әр шаңыраққа бақ-береке, елімізге бейбіт өмір тілеймін! Тәуелсіз Қазақ елі жасай берсін", - деп құттықтады сенат төрағасы.

Айта кетейік, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та қазақстандықтарды мерекемен құттықтаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1929476-maulen-asimbaev-konstituciya-tauelsizdik-pen-memlekettiliktin-basty-kepili/

pixel