Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдау жасайды
Жарияланған күні:
Күздің бірінші күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдау жасайды. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында хабарлады.
"1 қыркүйек күні сағат 11:00-де Парламент палаталарының бірлескен отырысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдау жасайды.
Жолдауда елдің алдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттары туралы айтылады", - деп жазды Берік Уәли.
Айта кетейік, бүгін елімізде Конституция күні. Мемлекет басшысы мерекеге орай барша қазақстандықтарды құттықтады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1929490-qasym-zomart-toqaev-qazaqstan-xalqyna-zoldau-zasaidy/