jitsu gif

Президент Несіпбек Дәутайұлының туыстарына көңіл айтты

Президент екі министрліктің жауапты хатшысы қызметінен босатты
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-;Жомарт Тоқаев белгілі қаламгер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Несіпбек Дәутайұлының дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады. Оның мәтіні президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің Facebook парақшасында жарияланған.

"Несіпбек Дәутайұлы баспасөз саласында жемісті жұмыс жасады. Қазақстан Жазушылар одағының Жамбыл облысы бойынша филиалына жетекшілік етті. Еліміздің рухани-мәдени байлығын арттыруға мол үлес қосты. Қарымды қаламгер ретінде шығармашылық жолдағы табыстары да өте мол. Тартымды туындылары оқырмандар тарапынан жоғары бағасын алды, әдеби сыйлықтарға ие болды. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын", –делінген жеделхатта.

Айта кетейік, Несіпбек Дәутайұлының өмірден өткені туралы бүгін белгілі болды.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.