Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мектептерде ерекше мақсаттағы полиция жасағы кезекшілік ететіні рас па: Министрлік жауап берді

Опубликовано:

Оқушы
Көрнекі сурет: pixabay.com

Қазақстандық ата-аналарды What‘sApp мессенджерінде тараған хабарламаларға алаңдаушылық танытуда. Оларда мектептерде күзетшілердің орнына жедел әрекет ету жасағының сарбаздары кезекшілік етіп, балалар мектепте тергеу изоляторында оқшауланады, ал мектеп автобустары оқушыларды белгісіз бағытта эвакуациялау үшін қолданылады делінген. Алайда, ақпарат шындыққа жанаспайтын болып шықты деп хабарлайды stopfake.kz.

Бұл хабарламаларды Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі жоққа шығарды.

"Аудиожазбада айтылған барлық ақпарат шындыққа жанаспайды. Мектептерде тергеу изоляторы (ШИЗО) кабинеттері болмайды және жедел әрекет ету қызметкерлері күзетпейді. Мектеп – балаларға білім беретін мекеме. Балаларға қатысы жоқ басқа мақсаттар қарастырылмайды. Автобустар балаларды үйден білім беру ұйымдарына және кері қарай тасымалдау үшін ғана пайдаланылатын болады. Олар ата-аналардың келісімінсіз басқа мақсаттарда басқа мекемелерге жіберілмейді. Ата-аналардан тек ресми ақпаратқа ғана сенуді және балалардың білім деңгейін арттыратын осындай хабарламаларға сенбеулерін сұраймыз" , – деп хабарлады ведомстводан.

Министрлік сондай-ақ көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1929505-mektepterde-erekse-maqsattagy-policiya-zasagy-kezeksilik-etetini-ras-pa-ministrlik-zauap-berdi/

pixel