RU

Жамбыл облысында жарылыс орнынан тағы бір адамның денесі табылды

Жамбыл жарылыс73
Жамбыл облысындағы жарылыс. Видеодан кадр : instagram.com/vtvs_taraz

Қорғаныс министрлігінің саперлері оқиға орнынан тағы бір адамның денесін тапты. Оның жеке бас мәліметтері анықталуда деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.

"Жамбыл облысындағы жарылыстан қаза тапқандар саны он бес адамға жетті. Қайтыс болғандар арасында азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері де бар. Жоғалған бір адам іздестірілуде", - делінген баспасөз хабарламасында.

Еске салсақ, 26 тамыз күні кешкі уақытта Жамбыл облысының әскери бөліміндегі қоймалардың бірінде жарылыс болды.

Аталған қайғылы оқиғаға байланысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

Еліміздің төтенше жағдайлар министрлігі қызметтік бабында жүрген кезінде ерлікпен қаза тапқан өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың фотосын жария етті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысындағы төтенше жағдай кезінде қаза тапқан әскери қызметшілер мен азаматтық қорғау органдары қызметкерлерін ерлігі мен жанқиярлығы үшін марапаттау туралы қаулыға қол қойды.

Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бастығының орынбасары Мейіржан Қақпасынұлы Аймановқа "Халық қаһарманы" атағы берілді.

Сол арада Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Жамбыл облысындағы оқиға эпицентрінде қайта жарылыс болуы мүмкін екенін ескертті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1929520-zambyl-oblysynda-zarylys-ornynan-tagy-bir-adamnyn-denesi-tabyldy/