Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысындағы өрттен қаза тапқан он бесінші адамның жеке басы анықталды (фото)

Опубликовано:

Жарылыс орны
Фото: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жамбыл облысындағы жойқын жарылыстан қаза тапқан 15-ші адамның Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкері екені анықталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жамбыл облысында жарылыс орнынан табылған мәйітті туыстары таныды. Ол №3 құтқару және өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы Заикин Сергей Владимирұлы болып шықты", - делінген министрліктің хабарламасында.

Заикин
Заикин Сергей Владимирұлы. Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Осылайша Жамбыл облысындағы жарылыс кезінде қаза тапқандар саны он бес адамға жетіп отыр.

Хабарсыз кеткен тағы бір адамды іздеу жұмыстары жалғасуда.

Еске салсақ, 26 тамыз күні кешкі уақытта Жамбыл облысының әскери бөліміндегі қоймалардың бірінде жарылыс болды.

Аталған қайғылы оқиғаға байланысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

Еліміздің төтенше жағдайлар министрлігі қызметтік бабында жүрген кезінде ерлікпен қаза тапқан өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың фотосын жария етті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысындағы төтенше жағдай кезінде қаза тапқан әскери қызметшілер мен азаматтық қорғау органдары қызметкерлерін ерлігі мен жанқиярлығы үшін марапаттау туралы қаулыға қол қойды.

Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бастығының орынбасары Мейіржан Қақпасынұлы Аймановқа "Халық қаһарманы" атағы берілді.

Сол арада Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Жамбыл облысындағы оқиға эпицентрінде қайта жарылыс болуы мүмкін екенін ескертті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1929542-zambyl-oblysyndagy-ortten-qaza-tapqan-on-besinsi-adamnyn-kim-ekeni-anyqtaldy-foto/

pixel