Жамбыл облысындағы тас жолда 11 көлік соқтығысты: Зардап шеккендер бар (видео)

Опубликовано:

Жол апаты
Видеодан кадр: Жамбыл облыстық ПД

Әлеуметтік желіде Жамбыл облысындағы тас жолдан жантүршігерлік кадрлар тарады. Куәгерлер жаппай жол апатының салдарын видеоға түсіріп алған. Бейнежазбаға қатысты құқыққорғау органдары пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі өңірлік полиция департаментіне сілтеме жасап.

Тәртіп сақшыларының мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 30 тамыз күні Алматы бағытындағы "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" тас жолынан 393 шақырым жерде болған. Жол апатынан қаза тапқандар жоқ.

Дегенмен, жарақат алып, медициналық көмек алу үшін ауруханаға жүгінгендер бар. Зардап шеккендердің нақты саны хабарланған жоқ. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

Жол-көлік оқиғасының себебі мен мән-жайын құзырлы органдар анықтайды.

Ескерту! Видеода жантүршігерлік кадрлар бар, психикасы тұрақсыз адамдар, жүкті әйелдер мен 18- ге толмаған тұлғалар көрмегені абзал!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1929551-zambyl-oblysyndagy-tas-zolda-11-kolik-soqtygysty-zardap-sekkender-bar-video/