Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирустың таралуы: Түркістан облысы ғана "жасыл" аймақта тұр

Опубликовано:

Түркістан1
Фото: Түркістан қаласының әкімдігі

2021 жылғы 31 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Матрицаға сәйкес, "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары орналасқан.

Ал "жасыл" аймақта тек Түркістан облысы тұр.

Айта кетейік, Қазақстанда өткен тәулікте тағы 4322 адамнан COVID-19 анықталды.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 789471 адамды құрап отыр.

Еске салсақ, бұған дейін Нұр-Сұлтанның бас санитар дәрігерінің орынбасары Жанна Пірәлиева Ashyq қосымшасында "көк" статус шығатын адамдарға қайда кіруге рұқсат етілетінін айтып берді. Сондай-ақ, Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев студенттерден ПТР-тест нәтижесін талап етуге болмайтынын мәлімдеген еді.

Одан бөлек, Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов жаңа қаулыға қол қойған болатын. Оған сәйкес, демалыс күндері қызметкерлері Ashyq қосымшасында "жасыл" мәртебеге ие мекемелерге ғана жұмыс істеуге рұқсат етіледі. Сонымен қатар, дәмханалар мен сауда ойын-сауық орталықтарына да "жасыл" статусы бар азаматтар ғана кіргізіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1929561-elde-koronavirustyn-taraluy-boiynsa-tek-turkistan-oblysy-zasyl-aimaqta-tur/

pixel