Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда некесін қиятын жастарды қандай өзгерістер күтіп тұр

Опубликовано:

Үйлену той1
Көрнекі фото: pixabay.com

Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, жою қағидаларына өзгерістер енгізілді. Бұйрық осы жылы 5 қыркүйектен бастап күшіне енеді.

Тиісті құжатқа сәйкес, енді азаматтық хал актілерін тіркеу қызметін алу үшін азаматтар жеке жеке басын куәландыратын құжаттың электронды нұсқасын ұсына алады.

  • Некені тіркеу, неке жасын төмендету, некені бұзу, 16 жасқа дейінгі балаларға туу туралы қайталама куәліктерді беру, тууды тіркеу, аты-жөнін өзгертуді тіркеу, азаматтық хал актілері жазбаларын қалпына келтіру және жою, азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктерді немесе анықтамаларды беру рәсімдері электронды жеке куәлік арқылы да іске асырылмақ.

"Некеге тұруға ниет білдірген адамдар неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) тіркеудің белгіленген күні жеке басты куәландыратын құжатпен немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатпен тіркеуші органға келуі қажет.

Егер некеге отыруға (ерлі-зайыпты болуға) тілек білдірушілер дәлелді себептермен белгіленген күні тіркеуші органға келе алмаса, неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу мерзімі олардың өтініші бойынша басқа уақытқа ауыстырылады.

Белгіленген күні некеге (ерлі-зайыптылыққа) отыратын адамдар не олардың біреуі дәлелсіз себептермен келмеген және некені (ерлі-зайыптылықты) тіркеу мерзімін ұзарта отырып, өтініш туралы арыз болмаған жағдайда өтініш жойылуға тиіс", - делінген құжат мәтінінде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1929613-qazaqstanda-nekesin-qiyatyn-zastardy-qandai-ozgerister-kutip-tur/

pixel