Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында 14 жастағы оқушыны зорлады деген күдікпен 4 жігіт ұсталды

Опубликовано:

Кісен
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматы облысында 14 жастағы оқушыны 4 жігіт зорлады деген күдікпен ұсталды. Күдіктілердің үшеуі 17 жаста. Біреуінің жасы 18-де. Қазір барлығы да қамауда отыр деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сұмдық жайт Текелі қаласында болған. Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаны растады.

"10 шілде күні Текелі қалалық полиция бөліміне 36-жастағы Ескелді ауданының тұрғынынан оның 14-жасар қызы зорланғаны туралы арыз түскен. Жедел іздестіру шаралары барысында 4 күдікті анықталды. Олардың біреуі 18 жаста және қалған үшеуі 17-і жастағы Текелі қаласының тұрғындары болып шықты. Қазіргі таңда ҚР қылмыстық кодексінің 120 бабының 3 бөлігімен қылмыстық іс тергелуде, іс бойынша бірқатар саараптамалар тағайындалды. Күдіктілер қамаққа алынды",- делінген Алматы облысы ПД баспасөз қызметі растаған ақпаратта.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1929619-almaty-oblysynda-14-zastagy-oqusyny-zorlady-degen-kudikpen-4-zigit-ustaldy/

pixel