Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбылдағы жарылыс: Полиция жоғалғандарды іздеу жұмыстары қалай жүріп жатқанын көрсетті (видео)

Опубликовано:

Видеодағы кадр
Видеодан алынған кадр: polisia.kz

Жамбыл облысының полициясы Қорғаныс министрлігінің қоймасындағы жарылыс пен өрт болған жерде із-түссіз жоғалғандарды іздестірудің қалай жүріп жатқанын көрсетті. Іздеуге кинологтар жұмылдырылған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Полицияның хабарлауынша, қызметтік иттерді қолдана отырып, кинологиялық қызмет көрсету орталығының қызметкерлерінің жарылыс салдарынан жоғалған адамдарды іздестіру оң нәтиже беруде.

Сонымен, бұған дейін кіші инспектор-кинолог Мона атты қызметтік итімен тағы бір марқұмның мәйітін тапты. Бұл №3 құтқару және өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы Сергей Зайкин болып шықты.

Полиция, сонымен қатар, іздестіру иттері әскери бөлімнің аумағын қалай қарайтынын көрсететін кадрларды бөлісті. Іздестіру жұмыстары барлық жоғалған жан табылғанша жүргізілетіні атап өтілді.

Еске салайық, соңғы мәліметтер бойынша, 26 тамызда Қорғаныс министрлігінің қоймасындағы жарылыстардың нәтижесінде 15 адам – ​​құтқарушылар, әскерилер, әскери прокурор қаза тапты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1929630-zambyldagy-zarylys-policiya-zogalgandardy-izdeu-zumystary-qalai-zurip-zatqanyn-korsetti-video/

pixel