Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында арнайы жасақ қарақшыларды ұстау операциясын жүргізді (фото)

Опубликовано:

Күдікті
Күдікті. Фото: NUR.KZ

Алматы облысында полиция арнайы жасағының қатысуымен ауылдық ломбардтан әшекей бұйымдарды ұрлаған үш күдікті ұсталды. Келтірілген шығын шамамен 33 миллион теңгені құраған. Ұрланған бағалы заттардың негізгі бөлігі тәркіленіп, қайтарылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, Қарғалы ауылындағы ломбардтан алтын бұйымдар мен ақша ұрланған. Қылмысты ашуға бағытталған жедел-іздестіру шараларын Жамбыл облысының полиция қызметкерлері ұйымдастырды, оларға 41 жастағы ломбард иесі үш күн бұрын арызбен жүгініпті.

"Іс-шараларға облыстық департаменттің жедел қызметкерлері де тартылды. Нәтижесінде біз қылмыстық топты анықтадық, оның құрамында үш ер адам болды, олардың бірі Алматы қаласының 52 жастағы тұрғыны, екеуі (27 және 32) жасы) Алматы облысынан болып шықты.

Күдіктілерді ұстау үшін біздің арнайы жасақтың сарбаздары әкелінді. Ұстау кезінде қолғаптар мен шеге суырғыш, ұрланған алтын бұйымдар мен ақша тәркіленді.

Қылмыстық тергеу қылмыстық кодекстің 188-бабы 4-бөлігі, яғни аса ірі көлемде ұрлық жасау бойынша жүргізілуде", – деді облыстық криминалдық полиция басқармасының бастығы Асхат Данияр.

Келтірілген залал 32 миллион 833 мың теңгені құрайды. Күдіктілерге қатысты басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы бойынша тексеру басталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1929644-almaty-oblysynda-arnaiy-zasaq-qaraqsylardy-ustau-operaciyasyn-zurgizdi-foto/

pixel