Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өткен өмірім жыртылған парақ сияқты": Төрт рет түрмеге түскен Павлодар тұрғыны жан сырын ақтарды

Жарияланған күні:

Көрнекі сурет
Көрнекі сурет: tutknow.ru

15 жасынан бастап ұрлықпен айналысып, төрт түрмеге отырып шыққан павлодарлық азамат KAZ.NUR.KZ тілшісіне сұхбат беріп, өз өміріндегі ауыр күндерді еске алды.

Александр (кейіпкердің өтініші бойынша есімі өзгертілді) Павлодар облысындағы қарапайым отбасында дүниеге келген. Әкесі жүргізуші, ал анасы инженер-құрылысшы болып жұмыс істеген. Бірақ, 90-жылдардың басындағы қаржылық дағдарысқа байланысты ата-анасы ажырасып кетті, ол кезде Александр 15 жаста болатын.

"Әке-шешем ажырасқаннан кейін мен анаммен қалдым. Ол үнемі жұмыста болғандықтан, еркіндікті сезініп, жаман жолдағы жігіттермен байланысып, сол жылы алғаш рет шартты мерзімге сотталдым. Біз жергілікті кәсіпорынға металл құбырларын ұрлауға бардық. Бірақ күзетші бізді ұстап алып, тапсырып жіберді", - дейді ол.

Шартты мерзіммен Александр ешқайда жұмысқа тұра алмаған. Оқуын да бітірмеген. Осыдан кейін ол қылмыс жасауын жалғастырған: пәтерлерді тонап, мемлекеттік мүлікті ұрлап, көшеде кетіп бара жатқан тұрғындарды ұрып-соққан. Бүгінге дейін ол төрт рет түрмеге отырып шыққан.

"Соңғы іске барғанда менің серіктесім қай пәтерде ақша бар екенін білді, иелері белгілі бір уақытқа дейін болмайды деп айтқан. Бірақ күтпеген жағдай болды. Пәтер иелері ерте оралды да, бізді көріп қойды. Пәтерде қару-жарақ жиынтығы бар екен. Ал менің серігім үй иесіне оқ жаудырып, оны өлтіріп", - дейді ұрлықшылық атағын алған Александр.

Үш айдан кейін Александр мен оның серігі ұсталады. Оған 16 жыл, ал серіктесіне 23 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Александр серіктесі адам өлтірген кездегі өкінішін жасырмайды.

"Біз бар нәрсені жоғалтқан кезде ғана бағалаймыз. Мен ең құнды уақытты жоғалттым. Қамауда өткізген жылдарым - кітаптың жыртылған беті сияқты. Оны ешқашан қайтара алмаймыз. Сондықтан мен уақытты, ата-ананы бағалай білуге және тек игі істер жасауға шақырғым келеді", - дейді Александр.

Қазір павлодарлық тұрғын пәтер жөндеумен айналысуда. Пробация қызметкерлері оған грант жеңіп алып, өз ісін ашуға көмектескен.

Енді ол өзінің сүйіктісін кездестіріп, бақытты отбасы құруды армандайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1929646-otken-omirim-zyrtylgan-paraq-siyaqty-tort-ret-turmege-tusken-pavlodar-turgyny-zan-syryn-aqtardy/