Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Оңтүстікте үсік жүруі мүмкін": Қыркүйек айында ауа райы қандай болады

Опубликовано:

күз келді11
Көрнекі фото: pixabay.com

"Қазгидромет" РМК өкілдері қыркүйек айына арналған ауа райы болжамын ұсынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Синоптиктердің болжамынша, көпжылдық деректерге сәйкес, қыркүйектің бірінші жартысында ел аумағының басым бөлігінде, айдың соңында оңтүстік облыстарда үсік жүруі мүмкін.

Ал консультативтік болжамға сәйкес, айдың басында елдің солтүстік және орталық аймақтарында 2 градусқа дейін аяз болуы ықтимал.

Қыркүйек айының басында циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен елдің батыс, шығыс аймақтарында және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында тұрақсыз ауа райы байқалады.

Айдың бірінші онкүндігінде суық антициклонның, батыс өңірлерге әсер етуіне байланысты күндіз ауа температурасы +30+35 градустан +17+25 градусқа дейін төмендеуі ықтимал.

Сонымен қатар, республиканың солтүстігінде, орталығында, шығысында ауа температурасы күндіз +13+20 градустан +23+30 градусқа дейін, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста +25+32 градустан +28+37 градусқа дейін өзгеруі мүмкін.

Екінші онкүндіктің басында суық антициклонның әсерінен елдің солтүстігі мен орталығында ауа температурасының төмендеуі күтіледі.

Онкүндіктің соңында еліміздің солтүстік-батыс жартысында күн күркіреп, бұршақ жауып, жел күшейіп, екпіні 15-23 м/с дейін жетуі мүмкін.

Айдың екінші жартысында ауа температурасының солтүстікте, орталықта және шығыста түнде +5+13°С-тан -5+10°С-қа дейін, күндіз +20+28°С-тан +15+20°С-қа дейін, елдің оңтүстігінде және батысында түнде +7+15°С-тан 0,+5°С-қа дейін, күндіз +25+30°С-тан +17+22°С-қа дейін өзгеруі күтіледі.

Ескерту: бір айға арналған консультациялық болжам синоптикалық жағдайдың өзгеруіне қарай түзетілуі мүмкін және онкүндік болжамдармен нақтыланатын болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1929707-ontustikte-usik-zurui-mumkin-qyrkuiek-aiynda-aua-raiy-qandai-bolady/

pixel