Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстау облысында шенеуніктер ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырды деп күдіктелуде

Опубликовано:

Ақша
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Маңғыстау облысында су тазарту қондырғысын салуға бөлінген қаражатты жымқыру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды деп хабарлайды Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, Қаржылық мониторинг агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша аумақтық департаменті аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған.

"Жедел-тергеу іс-шаралары барысында 2017 жылы "Бейнеу аудандық құрылыс бөлімі" ММ және мердігер ұйым арасында Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Сарға ауылында 477,6 миллион теңге сомасына су тазартқыш қондырғысы мен ауыларалық су құбыры құрылысына мемлекеттік сатып алу шарты жасалғаны анықталды", - делінген хабарламада.

ҚАЖ ақпаратынша, сот-құрылыс сараптамасының қорытындысына сәйкес, атқарылмаған жұмыстардың сомасы 203,6 миллион теңгені құраған.

"Мемлекеттік мекемелердің құрылымдық бөлімшелерінің және құрылыс саласындағы мердігерлік ұйымдардың басшылары тұлғасындағы күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды", - дейді ведомстводан.

Қазіргі таңда тергеу жалғасуда. Агенттік тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етуге жатпайтынын атап өтті.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қостанайда мектеп директорына мұғалімдердің еңбекақысына бөлінген қаржыны жымқырды деген айып тағылғанын жазған едік.

Іс материалдарына сәйкес, 2019 жылдан 2020 жылға дейін күдікті мектеп педагогтары мен техникалық қызметкерлердің бос қызмет орны ставкаларын қоластындағыларға үлестіріп келген. Бірақ қосымша жұмыстың ақысын өзі алып отырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1929719-mangystau-oblysynda-seneunikter-iri-molserde-byudzet-qarazatyn-zymqyrdy-dep-kudiktelude/

pixel