Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны 4 мыңға дейін азайды

Жарияланған күні:

Коронавирус
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Елімізде өткен тәулікте 4320 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Ауру жұқтырғандардың дені Алматы қаласында тіркелген деп хабарлайды coronavirus2020.kz/kz.

Аймақтар бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 268
  • Алматы қаласы - 1259
  • Шымкент қаласы - 140
  • Ақмола облысы - 251
  • Ақтөбе облысы - 263
  • Алматы облысы - 270
  • Атырау облысы - 149
  • Шығыс Қазақстан облысы - 161
  • Жамбыл облысы - 78
  • Батыс Қазақстан облысы - 68
  • Қарағанды облысы - 450
  • Қостанай облысы - 239
  • Қызылорда облысы - 76
  • Маңғыстау облысы - 250
  • Павлодар облысы - 260
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 77
  • Түркістан облысы - 61.

Осылайша, жалпы ел бойынша COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 793 791-ге жетіп отыр.

Сонымен қатар, өткен тәулікте 7 207 адам ауруынан жазылып шыққан.

Айта кетейік, бұған дейін Ұлттық фтизиопульмонология орталығы директорының орынбасары Ләззат Ералиева коронавирустан қорғануға аюдың майы әсер ете ме деген сауалға жауап берген болатын.

Оның сөзінше, аю мен борсықтың майы халық медицинасында қолданылғанымен, мұндай майларды ішу арқылы адамның коронавирустан жазылып кететіні жөнінде нақты ғылыми дәлел жоқ.

Сол себепті аю мен борсықтың майы коронавирустан емдейді деуге болмайды дейді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1929755-otken-taulikte-qansa-qazaqstandyq-koronavirus-zuqtyrgan/