RU

Елордада төрт қабатты сауда үйінен өрт шықты (видео)

Өрт
Оқиға орны. Фото: Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД

Нұр-Сұлтан қаласындағы "Тұлпар" сауда үйінен өрт шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, бүгін сағат 07:36 минутта елорданың өрт сөндіру қызметінің "101" пультіне Байқоңыр ауданы Уалиханов көшесінде орналасқан "Тұлпар" сауда үйінде өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.

"#3 шақырту дәрежесі белгіленіп, өрт сөндіру қызметі келіп жеткенде 4 қабатты сауда үйінің ең жоғарғы төртінші қабатында орналасқан сауда бутиктерінің өртеніп жатқаны анықталды. Өрт сөндіру жедел штабы құрылып, 2 жауынгерлік учаскеге бөлінді", - дейді ТЖД.

Қазіргі сәтте өртті сөндіру үшін төтенше жағдайлар депатаментінің 19 бірлік техникасы және жеке құрамның 71 адамы жұмыс істеп жатыр. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1929769-elordada-tulpar-sauda-uiinen-ort-syqty/