Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус: Еліміздің екі облысы "сары" аймаққа өтті

Опубликовано:

Көшедегі адамдар
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Коронавирус бойынша эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасында өзгерістер пайда болды. Оған сәйкес, Шығыс Қазақстен мен Жамбыл облыстары "қызыл" аймақтан "сары" аймаққа өтті. Бұл туралы Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының ресми сайтында хабарланды.

Эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, қазір коронавирустың таралу көрсеткіші бойынша:

  • "Қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары мен Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары бар.
  • "Сары" аймаққа Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстары енді.
  • Ал Түркістан облысы "жасыл" аймақта тұр.

Еске сала кетсек, өткен тәулікте елімізде тағы 4320 адамнан коронавирус анықталды. Ауру жұқтырғандардың басым көпшілігі Алматы қаласында тіркелген.

Осылайша, жалпы ел бойынша COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 793 791-ге жетіп отыр.

Сонымен қатар, өткен тәулікте 7 207 адам ауруынан жазылып шыққан.

Айта кетейік, бұған дейін Ұлттық фтизиопульмонология орталығы директорының орынбасары Ләззат Ералиева коронавирустан қорғануға аюдың майы әсер ете ме деген сауалға жауап берген болатын.

Оның сөзінше, аю мен борсықтың майы халық медицинасында қолданылғанымен, мұндай майларды ішу арқылы адамның коронавирустан жазылып кететіні жөнінде нақты ғылыми дәлел жоқ.

Сол себепті аю мен борсықтың майы коронавирустан емдейді деуге болмайды дейді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1929810-koronavirus-elimizdin-eki-oblysy-sary-aimaqqa-otti/

pixel