Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Ауғанстандағы ахуалға қатысты мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Фото
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында Ауғанстандағы жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Президент үкімет алдында қорғаныс өнеркәсібі кешені мен әскери доктринаны қайта жаңғырту міндеті тұрғанын мәлімдеді.

"Ауғанстандағы жағдай және жаһандық деңгейдегі ахуалдың күрделілігі қорғаныс өнеркәсібі кешені мен әскери доктринаны қайта жаңғырту, қорғанысқа қабілеттілікті арттыру міндетін алға қойып отыр. Қауіп-қатерлерге әрекет ету жылдамдығын арттыру мәселесіне де мемлекеттік дәрежедегі басымдыққа айналуға тиіс.

Біз сыртқы әсерлерге және ахуал ең күрделі жағдайға жеткеннің өзінде, тойтарыс беруге дайындалуымыз қажет. Сырттан келетін қауіп-қатерлердің үлгісін жасау жоғары деңгейде өзекті болып отыр", - дейді мемлекет басшысы.

Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев жолдауында стресс-тесттер жасау қажеттілігіне назар аударды. Мемлекеттік аппараттың алдағы уақыттағы жоспарларын жасап, түзетуге негіз болатын сценарийлерді де ойластыру қажет екенін жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1929820-en-kurdeli-zagdaiga-daiyndaluymyz-qazet-toqaev-auganstandagy-axualga-qatysty-malimdeme-zasady/

pixel