Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еліміздегі мектептердің бірінде 1 "Ы" сыныбы ашылды

Опубликовано:

оқушы
Көрнекі фото: pixabay.com

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов білім күнінде Қосшыдағы №2 орта мектепке барды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ақмола облысы білім басқармасының хабарлауынша, биыл №2 мектепте бірінші сыныпқа 700 оқушы қабылданды. Соған байланысты мектеп табалдырығын жаңадан аттаған балаларға арнап "Ы" сыныбына дейін ашылған.

Ал Қазақстан бойынша биыл бірінші сыныпқа 394 мыңға жуық бала барған.

Ақмола облысындағы №2 мектепте төрт мыңға жуық бала білім алады. Алайда мектеп бір ауысымда 1 200 баланы оқытуға жобаланған. Жергілікті мұғалімдер 2019 жылы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдында Қосшы мектептеріндегі орын тапшылығы мәселесін көтерген екен.

Мектеп
Фото: facebook.com/almagul.isina

Еске сала кетсек, бұған дейін білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов елімізде қазақ тілінде сабақ беретін мектептерге сұраныс артқанын айтқан болатын.

Одан бөлек, жаңа оқу жылында мұғалімдер мен оқушыларды қандай жаңашылдықтар күтіп тұрғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1929852-elimizdegi-mektepterdin-birinde-1-y-synyby-asyldy/

pixel