Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

737 мың теңгені иемденген: Қапшағайда жалған полицей ұсталды

Опубликовано:

ұсталды
Көрнекі фото: sn.kz

Қапшағайда жалған полицей ұсталды. Ол ішкі істер органдарында жұмыс істеймін деп өзгенің 737 мың теңге ақшасын иемденген деп хабарлайды Қазақпарат.

Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ұсынған ақпаратқа сәйкес, Қапшағай қаласының полициясына 21 жастағы тұрғыннан арыз түскен.

Ол өзін "полицеймін" деп таныстырған ер адамның сеніміне кіріп, ақша алғанын жеткізді. Алайда қаражатты қайтармағандықтан, ол полицияға арызданған.

Жедел іздестіру барысында 23 жастағы күдіктнің қолға түскені белгілі болды.

Қазігі уақытта оның үстінен қылмыстық кодекстің 190 бабы 1 бөлігі яғни, "Алаяқтық" бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

Тәртіп сақшылар оның не себепті өзін полицеймін деп таныстырып, қандай мақсатпен ақша алғанын, сонымен қатар өзге қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр.

Ведомство қолға түскен ер адамның полиция қызметкері емес екенін және оның бұл жұмысқа мүлдем қатысы жоқ екенін мәлімдеді.

"Тергеу барысында анықталғандай күдікті жәбірленушінің сеніміне кіріп, 737 мың теңге ақшасын иемденіп алғаны анықталды. Жәбірленуші уақытында тәртіп сақшыларына шағымданғандықтан күдікті дер кезінде ұсталды",- деді Алматы облыстық полиция департаменті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1929909-737-myn-tengeni-iemdengen-qapsagaida-zalgan-policei-ustaldy/

pixel