Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өз ұлын пышақтап өлтірді деп күдікке ілінген теміртаулық қолға түсті

Опубликовано:

Пышақ
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Теміртауда өзінің ұлын пышақтап өлтірді деген күдікпен 68 жастағы ер адам ұсталды деп хабарлайды Қазақпарат.

Бұл ақпаратты Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растап отыр.

Ведомсто мәліметінше, 29 тамызда Теміртау қаласының Бейбітшілік даңғылындағы пәтерлердің бірінде 35 жастағы ер адамның мәйіті табылған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында тәртіп сақшыларының аталған қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 68 жастағы ер адамды ұстағаны белгілі болды.

"Ол марқұмның әкесі болып шықты. Әкесі өзара туындаған жанжал барысында ұлына пышақ салғанын мойындады", - делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі "Адам өлтіру" бойынша қылмыстық іс тіркелген.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1929949-oz-ulyn-pysaqtap-oltirdi-dep-kudikke-ilingen-temirtaulyq-qolga-tusti/

pixel