Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысындағы ТЖ: Бердібек Сапарбаев қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты

Опубликовано:

жарылыс
Фото: Жамбыл облысының әкімдігі

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жарылыс салдарынан қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі өңір әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев пен Жамбыл облыстық мәслихатының хатшысы Махметғали Сарыбеков Байзақ ауданында жарылыс салдарынан қаза тапқан әскери қызметшілер мен өрт сөндірушілер Тәңірберген Төребеков, Ғафан Қуатбек, Әліби Кеңес, Әділет Әділбек, Сергей Заикиннің отбасыларына барды.

Бердібек Сапарбаев қаза тапқандардың отбасыларына Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан көңіл айтты.

Олар әскери қызметшілердің қызметтік міндеттерін орындау кезінде ерлікпен қаза тапқанын атап өтіп, олардың отбасыларына мемлекет тарапынан барлық қажетті көмек көрсетілетінін айтты.

"Марқұмдардың қызметтік міндеттерін атқару кезінде ерлікпен қаза тапқанын айрықша атап өтіп, олардың отбасыларына мемлекет тарапынан тиісті барлық көмек көрсетілетінін жеткізді. Барлығының ерлігі лайықты бағаланып, біздің жүрегімізде мәңгі сақталады", - деді облыс әкімі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1929966-zambyl-oblysyndagy-tz-berdibek-saparbaev-qaza-tapqandardyn-otbasylaryna-konil-aitty/

pixel