Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Петропавлда аялдаманың әйнегін сындырған екі мас бойжеткен ұсталды

Опубликовано:

Әйнекті шағу
Көрнекі сурет: pixabay.com

Петропавлда екі бойжеткен спирттік ішімдік ішіп, көшедегі аялдаманың әйнегін сындырып тастаған болатын. Полицейлер оларды қолға түсірді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Петропавл қалалық полиция басқармасының мәліметіне сәйкес, 1 қыркүйек күні сағат таңғы бестер шамасында Петропавл тұрғыны полицияға хабарласып, құрылыс-экономикалық колледжінің маңындағы әйнек аялдаманы біреулердің сындырғанын айтқан.

Оқиға орнына жеткен полиция наряды күдіктілерді сол жерде ұстады. Аялдаманың әйнегін шаққандар - облыс орталығының 20 жастағы екі тұрғыны болып шыққан. Екі бойжеткен де мас болған.

Бойжеткендердің бірінің айтуынша, ол осылайша бар ашуын аялдамадан алуды көздеген.

Оқиғаға қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы 434-бап - "Ұсақ бұзақылық" дерегі бойынша материал жиналып, іс сотқа беріледі.

Бұл бап бойынша 5 АЕК мөлшерiнде айыппұл немесе 10 тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алу жазасы қарастырылған.

Еске салсақ, бұған дейін Шымкентте автобус аялдамасының шыны қабырғасын сындырған екі жас жігіт ұсталғаны туралы жазған едік.

Инспектор оқиға орны маңында жүрген екі жігітті байқап, тоқтатқан. Тексеру барысында азаматтардың бірінің ұялы телефонынан аялдаманың шынысын сындырып жатқан cәт түсірілген бейнежазба анықталған.

Тексеру аяқталғаннан кейін азаматтардың іс-әрекеттеріне құқықтық баға берілетін болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1929979-petropavlda-ayaldamanyn-ainegin-saqqan-eki-mas-boizetken-ustaldy/

pixel