Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде тәулік ішінде қанша адам коронавирус жұқтырды

Опубликовано:

Коронавирусқа тексерілу
Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

Қазақстанда 1 қыркүйектегі эпидемиологиялық жағдай туралы ресми мәліметтерді COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Telegram-каналында жария етті.

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 4 880 жағдайы тіркелген. Осылайша, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 798 671 жетті.

Оның ішінде:

Нұр-Сұлтан қаласында - 315,

Алматы қаласында - 1264,

Шымкент қаласында – 180,

Ақмола облысында – 246,

Ақтөбе облысында - 302,

Алматы облысында - 282,

Атырау облысында - 198,

Шығыс Қазақстан облысында - 201,

Жамбыл облысында - 99,

Батыс Қазақстан облысында - 140,

Қарағанды облысында - 648,

Қостанай облысында - 237,

Қызылорда облысында - 133,

Маңғыстау облысында - 239,

Павлодар облысында - 265,

Солтүстік Қазақстан облысында - 75,

Түркістан облысында - 56.

Сонымен қатар, 10 644 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шыққаны белгілі болып отыр.

Елімізде барлығы 691 480 адам COVID-19-дан сауығып шықты.

Еске салсақ, бұған дейін Pfizer вакцинасы Қазақстанда уақытша тіркеуден өткені туралы жазған едік.

Одан бөлек, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дүнежүзілік денсаулық сақтау ұйымында тіркелген вакциналарды тезірек сатып алу қажетігін мәлімдегені туралы жазған болатынбыз. Ол бұл туралы парламент палаталарының бірлескен отырысында өткен Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауы кезінде сөз қозғаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1929983-elimizde-taulik-isinde-qansa-adam-koronavirus-zuqtyrdy/

pixel