Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үйінің ауласында беташар той жасаған түркістандық ұсталып қалды

Опубликовано:

тәртіп
Фото: Polisia.kz

Түркістан облысында үйінің ауласында той жасаған жергілікті тұрғын анықталды деп хабарлайды Polisia.kz.

Тәртіп сақшылары өңірде шектеу шараларын елемейтіндердің қатары азаймай тұрғанын мәлімдеді.

Жақындары мен туыстарының басын қосып, көпшілікке той беріп, жиын жасап жатқандар әлі де анықталуда, дейді құқық қорғау саласының мамандары.

Мәселен, Мақтаарал аудандық полиция басқармасының қызметкерлері карантин талаптарын өрескел бұзған жергілікті тұрғынды анықтады.

Оның үйінің ауласында 50-ге жуық туысының басын қауіп-қатерге тігіп, беташар тойын өткізгені белгілі болды.

Тәртіп сақшылары аталған жайт бойынша әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 425-бабымен ("Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу") тіркеуге алып, іс-құжаттарды жинақтап, заңды шешім қабылдау үшін тиісті мекемеге жолдады.

"Облыс полицейлері ескертеді, карантин кезінде той-жиындар, басқосулар, отбасылық, мерекелік, ұжымдық іс-шараларды ұйымдастыруға тыйым салынған. Оған қоса бетперделік режим мен арақашықтықты үнемі сақтау міндеттеледі. Сондықтан заңға баршамыз бірдей бағынайық!" делінген полиция хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1930003-uiinin-aulasynda-betasar-toi-zasagan-turkistandyq-ustalyp-qaldy/

pixel