Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

СҚО-да аяғына шеге кіріп кеткен шетел азаматы қайтыс болды

Опубликовано:

Петропавл ауруханасы
Фото: pkzsk.info

Солтүстік Қазақстан облысы, Новоишимское ауылында аяғына шеге кіріп кеткен шетел азаматы сіреспе дертін жұқтырып, қайтыс болды деп хабарлайды Петропавловск.news.

Оқыс жағдай 21 тамызда болған. 54 жастағы Өзбекстан азаматы құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде оң аяғына шеге кіргізіп алады. Қазақстанға 2020 жылы ақша табу үшін келген азамат Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық орталық ауруханаға жатқызылып, кейін қайтыс болды. Бұл іс жергілікті санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде тергелуде.

"25 тамызда сағат 22:00-ден кейін ер адамның жағы құрыса бастайды. Ол медициналық көмекке жүгінбеді. Жағдайы жақсара қоймауына байланысты 26 тамызда жедел жәрдем бригадасы шақырылды. Науқас. аудандық аурухананың жедел жәрдем бөліміне жеткізілді", - дейді санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті бастығының орынбасары Арман Күшбасов.

Оның айтуынша, науқас 28 тамыз күні қайтыс болған.

Тексеру кезінде одан жақтың құрысуы, бүкіл омыртқа бойының қатаюы, қатты әлсіздік анықталды. Эпидемиологиялық анамнезге және клиникалық белгілерге сүйенген дәрігерлер оған сіреспе диагнозын қойды.

Науқастың бұған дейін екпе салдырған-салдырмағаны белгісіз. Шұғыл дертке қарсы екпе салынды. Ауруханаға түскен сәттен бастап науқастың жағдайы тұрақты ауыр күйде болды. Ол 28 тамызда қайтыс болды", - дейді Арман Күшбасов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1930006-sqo-da-ayagyna-sege-kirip-ketken-setel-azamaty-qaitys-boldy/

pixel