Соңғы деректер шықты: Қазақстанның неше өңірі "қызыл" аймақта
Опубликовано:

Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының ресми сайты ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жария етті деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
- 2 қыркүйектегі жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан,Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары "қызыл" аймақта тұр.
- "Сары" аймақта Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстары орналасқан.
- Түркістан облысы "жасыл" аймақта.
Еске сала кетейік, 1 қыркүйектегі эпидемиологиялық жағдай туралы ресми мәліметтерді COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Telegram-каналында жария еткен еді.
Өткен тәулікте республика аумағында коронавирус инфекциясын жұқтырудың 4 880 жағдайы тіркелген. Осылайша, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 798 671 жетті.
Сонымен қатар, 10 644 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шыққаны белгілі болып отыр. Елімізде барлығы 691 480 адам COVID-19-дан сауығып шықты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1930014-songy-derekter-syqty-qazaqstannyn-nese-oniri-qyzyl-aimaqta/