Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еліміздің бір облысында оқушыларға вакцина салу жоспарланып отыр

Опубликовано:

Мектеп
Көрнекі фото: Ақорда

Ақтөбе облысында оқушыларға вакцина салу жоспарланып отыр деп хабарлайды Хабар 24.

Телеарна дерегінше, Ақтөбе облысының мектептерінде санитарлық талап күшейтілген Күнделікті зарарсыздандыру үшін қосымша құралдардың алынғаны белгілі болды.

Кіреберісте дене қызуын өлшеу тәртібін айтпағанда, әрбір класқа кварцты электр шамдары да орнатылған. Үзіліс кезінде зиянды микробтарды жойып отыру керек. Білім беру үрдісі дәстүрлі жүйеге көшкендіктен балалардың қауіпсіздігі маңызды. 

Мектеп қызметкерлері мен мұғалімдер  екпе салдырған. Ал денсаулығына байланысты қарсы көрсетілім барлар арнайы анықтама алған. Вакцинадан мүлде бас тартқандардан ПТР анықтамасы талап етіледі. Сырттан келгендер "Ашық" қосымшасының тексеруінен кейін ғана кіре алады.

"Оқушылар бірнеше бағыттан енгізіледі және "бір класс-бір кабинет" жүйесінде оқиды. Өзара алмасу болмайды және оқушылар бетперде киеді және термометрия күнделікті түрде және жиі мектепті желдетіп тазарту жұмыстарын жүргізіп отырамыз", - деді облыстық білім басқармасының басшысы Жолдас Батырхан.

Өңірдегі 418 мектептің 25-інде орын тапшы. Сондықтан бұл білім беру мекемелерінде кейбір пән онлайн өтетін болады. Бұдан бөлек коронавирус жұқтырған 380 ақтөбелік оқушы әзірге мектепке бармайды. Олардың 24-і ауруханада жатыр.  

Дәрігерлердің сөзінше, жұқпалы вирустың жаңа штамы пайда болғалы балалар да жиі ауратын  болған. Сондықтан 12 мен 18 жас аралығындағы жеткіншектерге де екпе салу жоспарланып отыр.

"Былтырға қарағанда балалардың арасында аурудың көптеп тіркелуі және олардың орташа және ауыр халде өтуі болып отыр. Осындай дәлелдер болып отырғандықтан біздер балаларды қорғау үшін екпемен қамтуды жоспарлап отырмыз. Вакцина салар алдында әрбір ата-анамен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, сол ата-аналардың келісімімен, ата-аналардың қатысуымен жасалатын болады", – дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Күштаева.

Қазан айына жоспарланған бұл науқан кезінде американдық компанияның дәрі-дәрмегін қолдану көзделіп отыр. Ал қылмыстық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында барлық мектепте бейнебақылау камералары орнатылып, арнаулы күзет мекемелері мамандары жұмылдырылған. 

Айта кетейік, өңірде биыл 18 мыңға жуық бүлдіршін мектеп табалдырығын аттады. Жалпы облыс аумағында 167 мың оқушы бар. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1930015-elimizdin-bir-oblysynda-oqusylarga-vakcina-salu-zosparlanyp-otyr/

pixel