Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде тағы бірнеше мектепке "бомба қойылды" деген хабарлама түсті

Опубликовано:

Тоқаев пен Рахмон телефон арқылы сөйлесті
Көрнекі фото: pixabay.com

Ақтөбеде тағы бірнеше мектепке "бомба қойылды" деген хабарлама тарады деп жазады Қазақпарат.

Ақтөбе қаласында кеше бірінші қыркүйекте 6 мектепте алғашқы қоңырау салтанаты өткен жоқ.

Тәртіп сақшылары мен саперлар жедел қимылдап, іздеу жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар қылмыстық іс те қозғалды.

Алайда бүгін тағы да бірінші кезеңде оқитын балалардың сабағы болмай қалды.

Облыстық білім басқармасының мәліметінше, тағы да "№2, 1, 2, 21, 22, 51, 56 орта мектептерде бомба бар" деген хабарлама түсіп, іздеу шаралары жүргізілген.

"Кешегі білім ордаларына сондай мәтінмен ертемен тағы да хат түсті. Тиісті органдарға хабарлама бердік. Тексеру шаралары жүргізіліп жатыр",- делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Ақтөбеде алты мектепке "бомба қойылды" деген жалған ақпарат тараған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1930032-aqtobede-tagy-birnese-mektepke-bomba-qoiyldy-degen-xabarlama-tusti/

pixel