Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда қалалар келбетінің стандарты енгізілмекші

Опубликовано:

Қала көрінісі
Көрнекі фото: NUR.KZ

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов министрлер кабинетінің онлайн отырысында аумақтарды кешенді дамытудың жаңа стандарттарын әзірлеу жоспарын жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Министрдің айтуынша, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі аумақтарды кешенді дамытудың жаңа стандарттарын әзірлейді. Олар халықтың жайлы өмір сүруіне жағдай жасауға бағытталатын болады.

"Стандарттарға мыналар кіреді: қала аумақтарын кешенді даму принциптері, қала аумақтарының даму стандарты, бос аумақтардың даму стандарты және қалалардың келбетін қалыптастыру стандарты", – деп түсіндірді министр.

Оның айтуынша, барлық деңгейдегі қала құрылысы сараптамасының бірыңғай институты енгізіледі.

Бұған дейін министр зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін пайдалану ережелеріне жинақтың жеткіліктілік шегінен асатын бөлігін кейіннен тұрғын үй сатып алу үшін Отбасы банкінің шотына аударуға мүмкіндік беретін өзгерістер енгізілетінін айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1930041-qazaqstanda-qalalar-kelbetinin-standarty-engizilmek/

pixel