Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Экология министрлігі елімізде ауасы ең қатты ластанған қалаларды атады

Опубликовано:

Ауаның ластануы
Көрнекі сурет: pixabay.com

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің басшысы министрлер кабинетінің онлайн отырысында Қазақстанның ауасы ең қатты ластанған қалаларын атады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Мағзұм Мырзағалиев ағымдағы жылы жүргізілген экологиялық мониторинг нәтижелерін жариялады.

"Теміртау, Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Өскемен, Қарағанды, Балқаш, Жезқазған, Шымкент қалаларында ауа ластануының жоғары деңгейі тіркелуде", - дейді Мырзағалиев.

Министрдің айтуынша, шығарындыларды азайту үшін кәсіпорындар елдің жаңа Экологиялық кодексіне сәйкес ең үздік қолжетімді технологияларды (ҮҚТ) енгізуде.

Сонымен қатар, министрлік пен кәсіпорындар арасында меморандумдар мен Жол карталарына қол қойылды, оған сәйкес "АрселорМиталТемиртау", "КазЦинк" және өзге де кәсіпорындар шығарындыларды 20%-дан 30%-ға дейін төмендетуді жоспарлап отыр.

"Министрліктің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті 2025 жылға қарай 10 қалада 1 санаттағы кәсіпорындар үшін шығарындылар лимитін кем дегенде 20%-ға төмендетеді. Әкімдіктер 2-3 санаттағы кәсіпорындар үшін осындай жұмыстарды жүргізуі тиіс. Шығарындыларды азайту үшін әкімдіктерге елдімекендер мен шаруашылық субъектілерін газдандыруды жалғастыру қажет. Сонымен қатар, қоғамдық және коммуналдық көлікті газ және электр көлігіне ауыстыру жұмыстарын одан әрі жүргізу қажет", - деп қорытындылады спикер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1930059-ekologiya-ministrligi-elimizde-auasy-en-qatty-lastangan-qalalardy-atady/

pixel