Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қару-жарақ арсеналы тәркіленді: Алматыда арнайы операция жүргізілді (видео)

Опубликовано:

Қару
Видеодан кадр: polisia.kz

Алматының Криминалдық полиция қызметкерлері ҰҚКД бірлесіп, қару-жарақ арсеналын сақтаған күдіктіні қолға түсірді деп хабарлайды Polisia.kz.

Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатовтың хабарлауынша, 1975 жылы туған күдікті Д. есімді азаматтың көлігі Жандосов пен Яссауи көшелерінің қиылысында тоқтатқан.

Көлік пен күдіктіні тінту кезінде патрондары бар екі тапанша табылған. Сондай-ақ Алматы облысы Талғар ауданындағы Д.есімді азаматтың тұрғылықты жеріндегі құпия орнынан тағы алты қару, оның ішінде 12 калибрлі Винчестер, граната және 60 патрон табылған.

"Қару кімге тиесілі екенін, қайда жасалғанын, сондай-ақ, қандай да бір қылмысқа қатысы бар-жоғын анықтау үшін тәркіленді және сот-баллистикалық сараптамаға жіберілді", – деп хабарлады Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

Полицейдің айтуынша, күдіктінің үйінен ұнтақ зат салынған төрт бума табылған. Сонымен қатар, медициналық сараптама күдіктінің ұсталған кезде есірткі қолданғанын анықтаған.

"Д.есімді азамат ПД уақытша ұстау изоляторына орналастырылды. Сотқа дейінгі тергеу Қылмыстық кодекстің 287-бабы, 3-бөлігіне сәйкес жүргізілуде", – деп қорытындылады Науатов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1930061-qaru-zaraq-arsenaly-tarkilendi-almatyda-arnaiy-operaciya-zurgizildi-video/

pixel