"Ида" дауылы Нью-Йоркке жетті: Метроны су басып, төтенше жағдай жарияланды (видео)
Опубликовано:

"Ида" дауылының жақындауына байланысты Нью-Йоркте төтенше жағдай жарияланды деп хабарлайды Sky News.
"Біз бүгін кешке ауа райының тарихи оқиғасын бастан кешіріп жатырмыз: бүкіл қалада нөсер жаңбыр, қатты су тасқыны және біздің жолдардағы қауіпті жағдайлар. Бүгін кешке көшеге шықпаңыздар және біздің жедел әрекет ету мен төтенше жағдайлар қызметтеріне өз жұмысын орындауға рұқсат етіңіздер", – деп Нью-Йорк мэрі Билл де Блазио төтенше жағдай жариялады.
Аймаққа дауылдың қалдықтары ғана жетті, бірақ метро су астында қалды. Жергілікті тұрғындар әлеуметтік желілерде көшедегі су тасқынының кадрларын жариялап жатыр.
Нью-Джерси губернаторы Фил Мерфи де төтенше жағдай жариялады.
Кем дегенде бір адам суға кеткені белгілі, Нью-Джерси мен Коннектикут қалалары мен аудандарына су тасқыны туралы ескертілді.
Нью-Йорк әуежайына және одан ұшатын рейстер тоқтатылды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1930070-ida-dauyly-nyu-iorkke-zetti-metrony-su-basyp-totense-zagdai-zariyalandy-video/