Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Абайдағы зорланған бала оқиғасы: Желіде атышулы қылмыстық іске байланысты дау туды

Жарияланған күні:

Түрмеде
Көрнекі фото: pixabay.com

Village Kazakhstan басылымы үш жыл бұрын жеті жастағы бала зорланған атышулы Абай ауылы туралы репортажын жариялады. Ақпарат құралы зорлық құрбанының қандай жағдайда өмір сүріп жатқанын және айыпты деп танылғандардың жазасын қалай өтеп жатқаны жөнінде ақпарат таратқан деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Басылымның мәлімдеуінше, жапа шеккен баланың отбасы әлі күнге өзіне қорлық көрсеткен жоғары сынып оқушыларының жақындарынан қысым көріп келеді.

Журналист мақалада зорлық құрбаны болған баланың үйден шығуға қорқып, мінезі тұйықталып қалғанын жазады. Басылым зорланған баланың әжесімен бірге сол ауылда әлі тұрып жатқанын анықтаған.

Ал қылмыстық іс туралы бірінші болып жалпақ жұртқа жария еткен журналист Амангелді Батырбековтың сөзінше, жергілікті билік өкілдері оның ізіне түсуді әлі жалғастыруда. Сондай-ақ, басылым келтірген дерек бойынша, даулы іс барысында ауладағы дәретханасында бала зорланған мектептің қызметтен шеттетілген директорын дәл сол білім беру мекемесіне жетекшілік етуге қайта тағайындаған.

"Бастапқыда қылмыстық істің жария болуына кедергі келтірген атышулы Селтановтар отбасынан шыққан полицейлер де қайта қызметтеріне кіріскен. Қылмыскер деп танылған төрт баланың үшеуі бостандықта жүр, ешқандай жаза кесілмеген", - делінген аталмыш мақалада.

Еліміздің оңтүстігінде үш жыл бұрын болған жантүршігерлік оқиға туралы мақалаға балалар омбудсмені Аружан Саин ресми пікір білдірді.

"Бала анасымен бірге Алматыда тұрып жатыр. Бұны біз нақты білеміз. Өйткені олар қордың еріктісі тегін ұсынған пәтерінде тұрып жатыр. Пәтердің жағдайына риза, олар ешқайда көшкен жоқ. Бала мектепте оқиды, денсаулығы жақсы, анасы жұмыс істейді. Біздің қор баланың психолог қызметін алуына қаржылай көмектесті, оның нәтижесі де жақсы.

Мен бүгін анасымен сөйлестім, бала мектепте екен, ал жазғы каникулда екеуі бірге әжесіне барған. Әжесімен сұхбат туралы ол ештеңе білмейді, өз анасымен бұл туралы сөйлеспекші.

Сәйкесінше, бала әлі күнге Абай ауылында тұрып жатыр деген мақаладағы дерек шындыққа жанаспайды", - деп жазды Аружан Саин Facebook парақшасында.

Еске сала кетсек, 2018 наурызда Сарыағаш ауданындағы Абай ауылында тұратын баланың әжесі немересінің бірнеше рет жыныстық зорлау құрбаны болғаны туралы мәлімдеді. Алғаш рет бұл туралы ұл бала 2017 жылдың тамыз айында ашық айтқан. Төрт оқушы күдікті деп танылды. Мамандардың жасаған бірнеше сараптамасынан зорлау фактісінің болғаны анықталды. 2002 жылғы кәмелетке толмаған бала сотталды. Ал қалған үш оқушы қылмыс болған уақытта 14-ке толмағаны себепті тергеу тоқтатылған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1930072-abaidagy-zorlangan-bala-oqigasy-zelide-atysuly-qylmystyq-iske-bailanysty-dau-tudy/