Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елордада жолдың қақ ортасында шағын автобус жанып кетті (видео)

Опубликовано:

Өрт
Видеодан кадр: instagram.com/sputnik_kz

Нұр-Сұлтанда орталық көшелердің бірінде микроавтобус отқа оранып, түгі қалмай жанып кетті деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сәйкес, бүгін сағат 10:40-де өрт сөндіру қызметіне Қабанбай батыр даңғылында ГАЗель жанып жатқаны туралы хабар түскен. Төтенше оқиға "Азия Парк" ойын-сауық және сауда орталығының дәл жанында болған. Оқиға орнына 12 өрт сөндіруші мен екі техника барған. Сағат 10:49-да тілсіз жау ауыздықталды.  

Өрт сөндірушілер Volkswagen маркалы микроавтобустың жанғанын анықтады.

Видеодан көліктің толығымен жанып кеткенін байқауға болады. Полиция жолдың екі жағын жауып тастаған.

Еске сала кетсек, 1 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласындағы "Тұлпар" сауда үйінен өрт шыққанын жазған едік.

"#3 шақырту дәрежесі белгіленіп, өрт сөндіру қызметі келіп жеткенде 4 қабатты сауда үйінің ең жоғарғы төртінші қабатында орналасқан сауда бутиктерінің өртеніп жатқаны анықталды. Өрт сөндіру жедел штабы құрылып, 2 жауынгерлік учаскеге бөлінді", - дейді ТЖД.

Өртті сөндіру үшін төтенше жағдайлар депатаментінің 19 бірлік техникасы және жеке құрамның 71 адамы жұмылдырылған. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1930079-elordada-zoldyn-qaq-ortasynda-sagyn-avtobus-zanyp-ketti-video/

pixel