Елордада жоқ пәтерлерді жалға беріп келген жас жігіт ұсталды
Опубликовано:

Нұр-Сұлтанда жоқ пәтерлерді жалға беретін жас жігіт ұсталды деп хабарлайды Polisia.kz.
24 жастағы жігіт бірқатар алаяқтық әрекет жасады деген күдіктеліп отыр. Ол пәтерлерді жалға беретіні жайлы ақпаратты жеке хабаландырулар сайтында жариялап отырған.
24 тамыз күні сағат 15:00 шамасында ол екі бөлмелі пәтерді тәулігіне жалға беретіні туралы хабарландыру жариялаған. Онда үй бағасы жеті мың теңге деп көрсетілген.
Бұл хабарландыруға бірден қала тұрғыны жауап берген. Осыдан соң олар белгіленген жерде кездесіп, барлық шартты талқылаған.
Кейін жас жігіт клиенттен қолма-қол ақша және оның жеке куәлігін кепілге алып, орнына жоқ пәтердің кілтін ұстатып, жұмысқа асығып тұрғанын айтып, кетіп қалған.
Аталған факті бойынша қазір қылмыстық іс қозғалған. Жас жігіт осындай жолмен бірнеше рет пайда тапқанын мойындаған. Қазір жәбірленушілер анықталып жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін Батыс Қазақстан облысында қостанайлық тұрғын 82 жастағы әйелдің 1,9 миллион теңгесін жымқырып кеткенін хабарлаған едік.
Әжей сыған әйелге алданып қалған.
Қазіргі уақытта бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Одан бөлек, Тараз қаласының полицейлері 21 жастағы қызды қолға түсіргенін жазған едік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1930096-elordada-zoq-paterdi-zalga-berip-kelgen-zas-zigit-ustaldy/