Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде екі қабатты ғимарат опырылып, бір әйел ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр (фото)

Жарияланған күні:

Место обрушения здания в Актобе
Оқиға орны. Фото: Өңірлік ТЖД баспасөз қызметі

1 қыркүйек күні кешкісін Ақтөбе қаласындағы "Даму" кәсіпкерлерді дамыту қорының екі қабатты ғимараты опырылып түскен. Салдарынан екі адам зардап шеккен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

1 қыркүйек күні сағат 19:25-те Ақтөбе облысы ТЖД кезекшілік-диспетчерлік пультіне "Даму" кәсіпкерлерді дамыту қоры ғимаратының шатыры мен екінші қабаты опырылғаны туралы ақпарат түскен.

"Алдын ала болжам бойынша опырылып қалған ғимарат бөлігінің ауданы 200 шаршы метр. Оқиға орнына ТЖД-ның 15 қызметкері мен 4 техникасы жетіп, ғимарат ішінде болған 5 адам құтқарылды. 2 адам ауруханаға жеткізілді", - делінген ведомство таратқан хабарламада.

"Диапазон" басылымының ақпаратына сүйенсек, қазіргі таңда зардап шеккендердің бірі жансақтау бөлімінде ес-түссіз жатыр. Бұл туралы басылымға облыстық жедел жәрдем қызметінің бас дәрігері хабарлаған.

Оның айтуынша, 1987 жылы туған азаматқа көмек көрсетіліп, үйіне қайтарылған. Ал әйел адамның жағдайы ауыр. Оның омыртқасы мен бас сүйегіне зақым келген.

"Қазіргі таңда ол жансақтау бөлімінде. Бірнеше қабырғасы, омыртқасы сынған. Негізгісі - бас сүйегінің жарақаты. Ауыр халде, кома жағдайында. Толық көмек көрсетілуде. Мамандар айналысып жатыр. Туыстарының сөзінше, ғимараттың төбесі құлаған. Ол бірдеңенің астында қалған. Жұмыста болған болуы керек. Алған жарақаттары өте ауыр. Ешқандай болжам жасай алмаймыз", - дейді облыстық жәдел жәрдем ауруханасының бас дәрігері Серік Қапанов.

Даму
Опырылған ғимарат. Фото: Өңірлік ТЖД баспасөз қызметі

Оқиға орны
Оқиға орны. Фото: Өңірлік ТЖД баспасөз қызметі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1930099-aqtobede-eki-qabatty-gimarat-opyrylyp-bir-aiel-zansaqtau-boliminde-auyr-xalde-zatyr/