Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстау облысында ат тепкен бес жасар бала көз жұмды

Опубликовано:

Ат тұяғы
Көрнекі фото: pixabay.com

Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылында жылқы тепкен бес жасар бала көз жұмды деп хабарлайды Lada.kz.

Оқиға 27 тамыз күні сағат 20:10 шамасында болған. Дәл осы уақытта Түпқараған аудандық полиция бөлімінің "102" кезекші пультіне қоңырау келіп түскен.

Онда жылқы бес жасар баланың басынан теуіп жібергені айтылған. Жарақат алған балақай көз жұмған.

Аталған жайтқа өңірдің полиция департаменті пікір білдірді.

"Жылқы баланың басынан тұяғымен теуіп жіберген. Жарақат алған бала қайтыс болды. Аталған факті Түпқараған аудандық полиция бөлімінде сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне Қылмыстық кодекстің 001- бабы бойынша тіркелді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр", - дейді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, осыған дейін Павлодар облысында іссапарға атпен барған тұрғын жылқысын таппай қалғанын жазған едік. Оқиға Аққулы ауданында болған.

Ер адам атын іздеп өздігінен таба алмаған соң полицияға жүгінген.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Аққулы ауданының полиция қызметкерлері бірнеше сағат ішінде жылқының тұрған жерін анықтап, оны заңды иесіне қайтарып берген.

Жылқы жоғалған үйден 4 шақырым жерден Ертіс өзені жайылмасының жанынан табылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1930137-mangystau-oblysynda-at-tepken-bes-zasar-bala-koz-zumdy/

pixel