RU

Қазақстандықтар қандай көлікті жиі сатып алады

Көлік1
Көрнекі фото: piqsels.com

Ranking сарапшылары биыл қазақстандықтар қандай көлікті жиі сатып алғанын анықтады деп хабарлайды Хабар 24.

Ranking сарапшыларының мәліметінше, 2021 жылдың қаңтар-шілдесіндегі ең танымал бренд Chevrolet болған.

Бұл маркадағы көліктің 17,8 мың данасы сатылған. Былтырғымен салыстырғанда көрсеткіш 18,6 есе артық.

Одан кейін Hyundai (14,3 мың), Toyota (8,2 мың), Kia (5,3 мың) және Lada (4,1 мың) тұр.

Бұл ретте Hyundai – 78,5 пайызға, ал Toyota мен Kia сатылымы тиісінше 46,5 және 43,8 пайызға өссе, Lada сатылымы 2020 жылдың қаңтар-шілдесімен салыстырғанда екі есе төмендеген. Жеңіл автомобильдерді сату көлемінің артуымен олардың бағасы да өсуде.

Биылғы қаңтар-шілде айларында автомобильдер өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,4 пайызға қымбаттаған. Бұл – соңғы 5 жылдағы ең жоғары көрсеткіш. Отандық автоөндіріс бір жыл ішінде 27,3 пайыздан 47,2 мың көлік құралына дейін өскен.

Бұл өсім бірінші кезекте жеңіл автомобильдер өндірісінің артуымен байланысты – 26,6% (40,7 мың бірлікке дейін). Шығарылған жүк автомобильдерінің саны 52,2 пайыздан 5,3 мың бірлікке дейін ұлғайған.

Айта кетейік, жақында Грузия мен Әзербайжаннан Қазақстанға көлік әкелу шарттары белгілі болды.

Қаржы министрлігінің дерегінше, автокөліктердің басым көпшілігі Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) кедендік аумағына Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің өткізу пункттері арқылы уақытша әкелінеді. Олардың мәртебесі шетелдік тауарлар және кедендік бақылауда болады.

ЕАЭО Кедендік кодексінің 264-бабының 6-тармағына және 275-бабының 2-тармағына сәйкес уақытша әкелінген көлік құралдары декларанттың, яғни әкелуді жүзеге асырған тұлғаның иелігінде болуы тиіс.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1930146-qazaqstandyqtar-biyl-qandai-kolikti-zii-satyp-algan/