Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Адамды улау үшін азық-түлікке химикат себеді": Кезекті жалған ақпарат желіні шулатты

Опубликовано:

dezecomos.ru
Көрнекі фото: dezecomos.ru

Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтар арасында тарап кеткен тағы бір жалған ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлады Stopfake.kz сайты.

Қазақстандықтар азық-түліктің қауіпті химикаттармен өңделетіні туралы қауесет таратуда. Ал оған "дәлел" ретінде видео ұсынылған.

Желіде тараған видео теңіздің жағасында түсірілген. Автор қорғаныс костюмін киіп, балық салынған қаптарды химикаттармен өңдеп жатқан адамдарды түсірген.

Оны не үшін істеп жатқанын сұрағанда бір жұмыскер: "Коронавирустық инфекция болмау үшін", - деп жауап береді.

Қазнетте талқыланып жатқан видео көрші елде түсірілген. Оны кемеде желбіреп тұрған Ресей туынан байқауға болады.

Роликтің Қазақстанда түсірілмегенін әлеуметтік желілердегі пікірлер де аңғартады.

Оған қоса, балықты химикаттармен өңдеу сәті көрсетілмеген. Ал санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстанда азық-түлік өнімдері химиялық заттармен өңделмейтінін мәлімдеді.

"Мысалы бізде базарда сатылатын ет сертификаттаудан өтеді. Базарларда өнімнің бір бөлігін алып, стандарттарға сәйкестігін тексеретін зертханалар бар. Егер бәрі дұрыс болса, онда арнайы куәлік беріледі. Ешкім ештеңе шашпайды. Ішкі нарық өнімдері химикаттар себу арқылы ешқандай өңдеуден өткізілмейді", – дейді комитеттің ресми өкілі Ержан Байтанаев.

Бұған дейін қазақстандықтар "ел билігі азық-түлікті әдейі жойып, аштық жасағысы келеді" деген қауесет таратқан. Шын мәнінде, көкөністі жою барысы көрсетілген видеолар Ресей мен Италияда түсірілген және қастандық теориясына еш қатысы жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1930157-adamdy-ulau-usin-azyq-tulikke-ximikat-sebedi-kezekti-zalgan-aqparat-zelini-sulatty/

pixel