Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО-да 11 адамның малын ұрлап, қаржылай залал келтірген топ құрықталды

Опубликовано:

Полицей
Көрнекі фото: NUR.KZ

Батыс Қазақстан облысында 11 адамның малын ұрлап, 3 миллионнан аситам теңге залал келтірген топ құрықталды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, қазіргі кезде Теректі ауданының 2004, 2003 және 1999 жылғы үш тұрғынына қатысты ҚР ҚК 188-1 3-бөлігіне (мал ұрлығы) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Ұйымдасқан топ биылғы мамыр айынан бері өзара келісіп, мал ұрлығымен айналысып келген. Олар малды негізінен еркін жайылымнан әкетіп отырған.

Толық ақпарат тергеу аяқталғаннан кейін беріледі.

БҚО полиция департаменті тұрғындардан малды қараусыз жібермеуді өтінеді. Өйткені өздігімен жайылып жүрген мал оңай олжаға айналады.

Екіншіден, жол-көлік оқиғаларына себепші болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1930159-bqo-da-11-adamnyn-malyn-urlap-qarzylai-zalal-keltirgen-top-quryqtaldy/

pixel