Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбе тұрғыны ойыншық тапаншамен микрокредиттік ұйымды тонап кетті

Опубликовано:

видеодан скрин
Видеодан скрин: polisia.kz

Ақтөбе қаласының тұрғыны қызметкерді ойыншық тапаншамен қорқытып, микрокредиттік ұйымды тонап кетті деп хабарлайды Polisia.kz.

Ер адам микрокредиттік ұйымның кеңсесіне кіріп, 22 жастағы қызметкерді тапаншаға ұқсас затпен қорқытып, 74 000 теңгені ашық түрде ұрлап кеткен.

Оқиға орнына полицияның кешенді күштерінің жасақтары жіберіліп, жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде полиция қызметкерлері күдіктіні “ізін суытпай” ұстады.

Ұсталған азамат жасаған іс-әрекетін толығымен мойындады.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 191-бабының 2-бөлігінің 1-тармағымен “Тонау”  сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Сонымен қатар, күдікті қолданған тапанша ойыншық екені анықталды.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Ақтөбедегі "Даму" қорының ғимараты опырылып, бір қызметкер үйінді астында қалған болатын. Ол есін жимастан қайтыс болды.

Үйінді астында қалған қызметкерді аман алып қалу мүмкін болмаған.

"Ауруханаға екі науқас жеткізілді. Біреуіне көмек көрсетіліп, үйіне жіберілді. Ал екіншісінің жағдайы өте ауыр болды. Есін білмеді. Бірден жансақтау бөліміне жатқызылды. Кеуде, бас-ми жарақаты болды", - дейді облыстық жәдел жәрдем ауруханасының бас дәрігері Серік Қапанов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1930165-aqtobe-turgyny-oiynsyq-tapansamen-mikrokredittik-uiymdy-tonap-ketti/

pixel