Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО-да жеңіл көлікпен соқтығысқан мотоцикл жүргізушісі мерт болды

Опубликовано:

Мотоцикл
Көрнекі фото: pixabay.com

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында жеңіл көлікпен соқтығысқан мотоцикл жүргізушісі көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 1 қыркүйекте сағат 14:00 шамасында болған.

«Прапорщиково ауылындағы Школьная көшесінде келе жатқан мотоцикл жүргізушісі қауіпсіз қашықтықты сақтамай «ВАЗ» автокөлігімен соқтығысқан. Соның салдарынан қарсы бағыттағы жолға ұшып түскен мотоцикл тізгініндегі ер адамды көлік басып кетті», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

43 жастағы азамат оқиға орнында жан тапсырған.

Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігіне (абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Шығыс Қазақстан облысында есірткі тасымалымен айналысқан жалғызбасты ана ұсталған болатын.

Өңірдің полиция департаменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, тәртіп сақшылары есірткі айналымына тосқауыл қою мақсатында арнайы операция жүргізген.

Нәтижесінде Петропавл қаласынан келген екі әйелдің Telegram мессенджері арқылы "жылдамдық" және "меф" деп аталатын жүйкеге әсер ететін заттардың тасымалымен айналысқаны анықталды.

Ведомство әйелдердің бірі 8 және 6 жастағы екі бала тәрбиелеп отырған жалғызбасты ана екенін жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1930169-sqo-da-zenil-kolikpen-soqtygysqan-motocikl-zurgizusisi-mert-boldy/

pixel