Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бұл - масқара": "Қазақстан Медиа Альянсы" отандық тілшімен болған оқиғаны назардан тыс қалдырмауға шақырды

Опубликовано:

Тілші
Кадр: Хабар 24

"Қазақстан Медиа альянсы" қоғамдық бірлестігі Алматы әкімдігінде республикалық Хабар 24 телеарнасының журналисімен болған оқиғаны назардан тыс қалдырмауға шақырды деп жазады Хабар 24.

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің кезекті отырысында Қанат Сахариянов БАҚ-ты дамыту жөніндегі мәселелерді Ұлттық Кеңестің келесі отырыстарының күн тәртібіне енгізуді ұсынды.

Оның айтуынша, Қазақстанда сапалы заңдар бар, бірақ олардың орындалуы ақсап тұр.

Кейбір билік өкілдерінің, қоғам мүшелерінің бұқаралық ақпарат құралдарына деген қарым-қатынасы қатаң, сондықтан жергілікті шенеуніктер журналистерге деген осындай көзқарасқа жол береді дейді маман.

"Журналист қандай да бір әкімнен түсініктеме алғысы келсе, халықтың алдында есеп беріңіз. Ал олар болса, журналисті көшеге шығарып жібереді. Мен бұл жайтқа қатысты не дерімді де білмеймін. Бұл - масқара! Иә! Өз әріптестеріммен консультация жүргіздім, "Қазақстан Медиа альянсы" атынан, Телевизия қауымдастығының атынан, бұл жайтқа назар аударуды сұраймыз", - дейді президент жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Қанат Сахариянов.

Еске салсақ, "Хабар 24" арнасының тілшісі Ақбөпе Тәңірбергеннің Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің қабылдауына кіре алмай, күзетшілер тарапынан үлкен қарсылыққа тап болғаны қоғамда үлкен дау тудырған еді.

Кейін бұл жайтқа қатысты Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева пікір білдірген болатын.

Министр бұл оқиғаны "еститін мемлекет" қағидаларына қайшы келетін әрекет деп бағалап, кінәлі тарапты жауапқа тартуды талап еткен еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1930195-bul-masqara-xabar-24-tilsisimen-bolgan-oqiga-qazaqstan-media-alyansy-nazaryna-ilikti/

pixel