Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ДДСҰ коронавирустың "Му" атты жаңа түрі тарала бастағанын айтып, дабыл қақты

Опубликовано:

Коронавирус
Көрнекі фото: pixabay.com

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустың "Му" атты жаңа түрі тарала бастағанын мәлімдеді. Ұйым жаңа мутация ерекше бақылауда болатынын хабарлады деп жазады euronews.com.

ДДСҰ коронавирустың жаңа мутациясын дертпен ауырып шыққандар да, вакцина салдырғандар да жұқтыру мүмкін деп қауіптеніп отыр.

Коронавирсутың "Му" нұсқасы B.1.621 атымен де белгілі. Ол әлемнің 39 елінде таралып үлгерген соң 30 тамызда ДДСҰ оны бақылаудағы аурулар тізіміне енгізуді ұйғарған.

"Му" алғаш рет Колумбияда 2021 жылдың қаңтарында тіркелген. Содан бері инфекция әлемнің талай түкпіріне таралып үлгерген. Олардың арасында, Ұлыбритания, АҚШ, Гонконг, Еуроодақ елдері бар.

Дегенмен коронавирустың жаңа түрін жұқтыру деңгейі әлем бойынша COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар санының небәрі 0,1 пайызын ғана құрап отыр. Соған қарамастан Колумбия мен Эквадорда COVID-19-дың жаңа мутациясымен ауырғандар көбеюде.

Ғалымдарды, әсіресе, "Му" нұсқасы "дельта" штамымен салыстырғанда коронавирустың әлдеқайда жұқпалы әрі ауыр түрі емес пе" деген сауал алаңдатуда.

Ұлыбританияда "Му" нұсқасын жұқтырған кем дегенде 32 адам тіркелген. Англия денсаулық сақтау қызметі шілдедегі есебінде олардың дені Лондонда және 20 жастан асқан адамдарда анықталғанын айтқан.

Дерттің бұл түрін жұқтырғандардың кейбірі вакцинаның бір немесе екі дозасын алып үлгерген екен.

Әзірге "Му" нұсқасы "альфа" мен "дельта" штамдары сияқты айтарлықтай жылдам таралмауда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1930218-ddsu-koronavirustyn-mu-atty-zana-turi-tarala-bastaganyn-aityp-dabyl-qaqty/

pixel