Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ауру жұқтырғандар саны азайды: Елордада коронавирустық станционарлар жабылып жатыр

Опубликовано:

Жансақтау
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Елорданың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Әлия Рүстемова қалада коронавирус жұқтырғандар саны азайғанын мәлімдеді. Осыған байланысты шаһар билігі коронавирустық станционарларды кезең-кезеңімен жабу туралы шешім қабылдаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Әлия Рүстемованың айтуынша, қалада коронавирус жұқтырғандар саны азайған.

"Коронавирус жұқтырғандар санының азаюына байланысты қаланың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мамыр-шілде айларында инфекциялық госпиталь ретінде жасақталған станционарларды жабу туралы шешім қабылдады.

Кейінгі екі күнде біз 370 төсек-орынға шақталған үш коронавирустық станционарды жаптық. Бұл қалалық психикалық денсаулық орталығы, Қорғаныс министрлігі мен ҰҚК госпитальдері", - дейді Рүстемова.

Оның сөзінше, келесі аптада эпидемиологиялық ахуалды ескере отырып, станционар ретінде жасақталған екі ауруханадағы инфекциялық орын жабылады.

Бұл 366 төсек-орынға есептелген Көпсалалы №3 қалалық аурухананың клиникалық және акушерлік блогы мен 112 төсек-орынға есептелген академик Н.Д. Батпенов атындағы ұлттық травматология және ортапедия ғылыми орталығы.

Еске сала кетсек, бұған дейін премьер-министр Асқар Мамин мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа елдегі эпидемиологиялық ахуалдың жақсарғанын айтқан еді.

Ал денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елде ауру жұқтыру көрсеткіші төмендегенін, осыған байланысты болжамның позитивті екенін айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1930247-koronavirus-zuqtyrgandar-sany-azaidy-elordada-koronavirustyq-stancionarlar-zabylyp-zatyr/

pixel