Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ауғанстанда әйелдер митингке шығып, өз құқығын қорғауды талап етті (фото, видео)

Опубликовано:

Ауған
Фото: Twitter/ Zahra Rahimi

Ауғанстанның Герат провинциясында нәзік жандылар көшеге шығып, әйелдердің құқығын қорғау мен оларды мемлекет басқаруға араластыруды талап етті деп хабарлайды РИА Новости.

Демонстранттар айтуынша, нәзік жандылардың қатысуынсыз ешқандай үкімет тұрақты бола алмайды.

Олар "Талибан" қозғалысына да наразылық танытты.

Ауған
Фото: Twitter/Zahra Rahimi

Демонстранттар халықаралық қауымдастықты "ауған әйелдерін ұмытпауға" шақырды.

Шеруге жергілікті белсенділер, студенттер мен мемлекеттік мекемелерде жұмыс істейтін әйелдер қатысты.

Айта кетейік, 15 тамыз күні "Талибан" Ауғанстан астанасы - Кабулды ұрыссыз бағындырды.

Ауғанстан президенті Ашраф Гани Кабулға тәліптердің енуіне байланысты президенттік өкілеттігін тоқтатып, елден кетті.

Гани мұндай шешімді Кабулда "қантөгісті болдырмау" үшін қабылдағанын жазды. Айтуынша, "Талибан" өзін ел басшылығынан кетіру үшін осындай әрекетке баруға дайын болған.

Ал "Талибан" қозғалысы Ауғанстанда 20 жылға созылған соғыстың аяқталғанын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1930254-auganstanda-aielder-mitingke-sygyp-oz-quqygyn-qorgaudy-talap-etti-foto-video/

pixel