Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Балаларға БЦЖ орнына КВИ-ға қарсы вакцина егіліп жатқаны рас па: Елорданың бас санитарлық дәрігері жауап берді

Жарияланған күні:

Бетперде киген бала
Көрнекі сурет: pixabay.com

Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігері балаларға БЦЖ ревакцинациясын желеу етіп, оның орнына коронавирусқа қарсы вакцина салып жатыр деген қауесетті жоққа шығарды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

БАҚ өкілдері бүгінгі таңда бірінші сынып оқушыларына Манту салынып жатқанын, алайда ата-аналардың кейбірі Мантуды желеу еткен дәрігерлер балаларға коронавирусқа қарсы вакцина егіп жатыр деген қауесетке сеніп, екпе салдырудан бас тартып жатқанын атап өтті.

Жанна Пірәлиева бұл қауесеттердің негізсіз екенін мәлімдеді. Айтуынша, бірінші сынып оқушыларына БЦЖ ревакцинациясы жыл сайын жүргізіледі.

"Жыл сайын қыркүйек айында бірінші сынып оқушыларына вакцина салынады. Бүгінде барлық мектептерде дайындық жұмыстары жүргізілуде, тізім жасалып жатыр, бұл кампания жыл сайын толықтай жүзеге асырылады. Балаларға КВИ-ге қарсы вакцина салдырып жатыр деген сөздерге келетін болсақ, бүгінгі күні қалада балаларға арналған вакцина жоқ, сондықтан бұл ақпарат жалған болып табылады", - дейді ол.

Еске салсақ, бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі қазан айынан бастап Pfizer вакцинасын қазақстандықтарға қолжетімді ететіні туралы жазған едік.

Министр аталмыш вакцина бірінші кезекте балаларға салынады деп жоспарланып отырғанын мәлімдеді.

"Бірінші кезекте біз Pfizer вакцинасын 12-18 жастағы балалардың иммунитетін қалыптастыру үшін қолдануды жоспарлап отырмыз. Бұл - осы жастағылар үшін қолдануға рұқсат етілген жалғыз вакцина. Статистикаға сүйенсек, бізде осы жастағы балалардың саны екі миллионнан сәл асады", - деген еді Цой.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1930260-balalarga-bcz-ornyna-kvi-ga-qarsy-vakcina-egilip-zatqany-ras-pa-elordanyn-bas-sanitarlyq-darigeri-zauap-berdi/